Tap to unmute

Ырғынбек пен Бақытнұр.Ән жинақ. ىرعىنبەك پەن باقىتنۇر. ءاندەر جيناعى· Yrgynbek_baytnur

Бөлісу
Ендіру
  • Жарияланды 2022 ж. 7 Ақп.
  • Ырғын-Бақыт дуеті.

Пікірлер • 32

  • Несібелі Аюбаева
    Несібелі Аюбаева 2 ай бұрын +7

    Қытай мен Алтай қазақтары ның әндері нағыз қазақи, жүрекке жетеді, біздің әншілер бұлардың қасында көлең кеде қалып кетті ғой.

  • Ерлан Курамысов
    Ерлан Курамысов 7 ай бұрын +7

    Тек биіктерден көрініңдер тек алға

  • Райхан Сулейменова
    Райхан Сулейменова 28 күн бұрын +4

    Керемет ән, бақытты болыңдар жандарым өмірлерің ұзақ болсын, бір алла қолдасын сендерді.

  • Baha Hurmax
    Baha Hurmax 9 ай бұрын +10

    О, күшті болыпты ғой, қандай керемет әндер, биіктерден көріне беріңдер

  • Болат Сламбек
    Болат Сламбек 18 күн бұрын +1

    Жарайсыңдар!!! Өнер айдынында жұптарың жазылмасын!!! тек алға Рығын ,Баха

  • Бейсенбі Үгітбекұлы

    Керемет, өнер өрге жүрсін. .

  • Бексултан Нургалиулы

    Керемет екі жұп жарасымды бақытты өмір, өнермен өрісің кеңейіп төрден көрініп тыңдаушыларды қуанта беріңдер

  • Бексултан Нургалиулы

    Жүздесейік өлеңі керемет, көз тимесін қос аққу дайын өнермен көкке өрлей беріңдер

  • Бексултан Нургалиулы

    Аман болыңдар өлеңдері мағыналы есіте бергің келеді әндері де керемет

  • Ырғын &Бақыт
    Ырғын &Бақыт  7 ай бұрын +5

    Қазақ елі мақтаным
    Әні:Ырғынбек Меденұлы
    Сөзі: Ырғынбек Меденұлы
    Орындағандар: Ырғынбек пен Бақытнұр
    Аспанында алтын күн арайланған,
    Асқарыңнан айбынды тарайды арман.
    Келешекке керегең кең жайылсын,
    Бақытына ұрпақтың сарай болған.
    Қасиетті қазақтың кең мекені,
    Мартебемді биікке өрлетеді.
    Басын қосқан алаштың байтақ далам,
    Бесігінде бірліктің тербетеді.
    Қайырмасы:
    Ұлан-қайыр жеріңменен,
    Астанадай төріңменен мақтан қазағым.
    Көк байрақты көгіңменен,
    Ел басатаған еріңменен шаттанан қазағым.
    Күндидарлі айналдаым сүйікті елден,
    Ортаймасын несібең жыйып-терген.
    Ата салтын ардақтап, ана тілін,
    Қазақ елім көрінсін биіктерден.
    Ұран етып татулық жарасымын,
    Жыр-ән етіп шежіре дала сырын.
    Аманаттап ұрпаққа мирас еткен,
    Қастерлейік халқымның бар асылын.
    Қайырмасы:
    Ұлан-қайыр жеріңменен,
    Астанадай төріңменен мақтан қазағым.
    Көк байрақты көгіңменен,
    Ел басатаған еріңменен шаттанан қазағым.

    Біз екеуміз
    Сөзі: Айсәуле Бейсенхан
    Әні:Ырғынбек Меденұлы
    Мен бақыттың сұрап қайтем басқасын,
    Жаратқаным жақсылыққа бастасын.
    Байлық, мансап, атақ, ақша түкте емес,
    Бір жүректің тыныштығын сақтасын.
    Қайырмасы:
    Бір жүркетің күлгенімен күлемін,
    Бір жүректің қайғысымен жүдедім.
    Бір жүрекке махаббатын силаған,
    Жанға ғашық екенімді білемін.
    Бір жүректің жетегінде кетермін,
    Жетсем көкке бір жүрекпен жетермін.
    Қызыл-жасыл дүниеге қызықпай,
    Бір жүректің әлегімен өтермін.
    Бір жүректің сыр моншағын тағындым,
    Бір жүректің сағынышын жамылдым.
    Бірінші алла одан кейін өмірде,
    Бір жүректің әміріне бағындым.

    Тілеймін
    Сөзі: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Әні: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Орындаған; Дина Жамағатқызы
    Ата-анама тілеймін амандықты,
    Тәліміңнен талай сыр балаң ұқты.
    Әкешімнен үйреніп ізгілікті,
    Анашымнан үлгі екем адалдықты.
    Қайырмасы:
    Төрт түлігің қазағым,
    Сай болсын деп тілеймін!
    Әр отбасы қазақтың,
    Бай болсын!
    Қуанышың бақытқа,
    Айналсын деп тілеймін!
    Күнде осындай думанды,
    Той болсын деп тілеймін!

    Ауылдасқа тілеймін татулықты,
    Бауырласқа тілеймін жақындықты,
    Баянды боп бақытың туыстарым,
    Аламанда болса екен атың мықты!

    Намысымен болса екен ұл бөрікті.
    Ибасымен көрінер қыз көрікті.
    Нұрдан таза халқымның пейіліне
    Таусылмайтын тәңірім си беріпті.
    Тәй-тәй ботам
    Сөзі: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Әні: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Орындаған: Бақытнұр Қызырбайқызы
    Кернегені-ай қуаныш жүрегімді,
    Қабыл етіп жаратқан тілегімді.
    Қызығыңмен, тәп-тәтті қылығыңмен,
    Шаттықнұрға бөледің бұл өмірді.
    Қайырмасы:
    Тәй-тәй ботам, тәй-тәй,
    Қаз-қаз тұршы әй-әй.
    Балдай бала силаған,
    Өмір ғажап пай-пай.

    Айналайын құлыным бағым сенсің.
    Алғаш басқан қадамың құтты болсын!
    Тұсауыңды кестірдім ақтілекпен,
    Талабыңа нұр жауып, бақыт қонсын!

    Қайырмасы:
    Тәй-тәй ботам, тәй-тәй,
    Қаз-қаз тұршы әй-әй.
    Балдай бала силаған,
    Өмір ғажап пай-пай.

    • Балжан Абдираман
      Балжан Абдираман 3 ай бұрын

      Керемет өте жақсы ән екен,бақытты болындар, биіктен көрінуіне тілектеспін .

  • Демеукан Абилдаева
    Демеукан Абилдаева 5 күн бұрын +1

    Дауыстарын керемет онерлерин орлей берсин

  • Бақытбек Самархан
    Бақытбек Самархан 9 ай бұрын +7

    Барекелді керемет әндер

  • Ырғын &Бақыт
    Ырғын &Бақыт  7 ай бұрын +5

    Тәтті сезім
    Әні мен сөзін жазған: Ырғынбек Меденұлы Орындағандар: Ырғынбек пен Бақытнұр
    Дәл осы шақтар қайталанбайды, Қайтармын ертең ауылға. Ешкімде жауап қайтара алмайды, Уақыттай үлкен сауалға.
    Қайырмасы:
    Сағынған сәттер әніме қосамын, Атыңды айтып ардағым.
    Сағына жазған хатыңды тосамын, Сарыла күтіп әрдайым.
    Көңілді көркем самалы салқын, Осындай өтсе әр кешім.
    Кетуге қимай тұрсың ау бәлкім, Әкең іздесе қайтесің.
    Қоштасар сәтте сөзің барма еді, Көңіліңе тұнған айтағой.
    Өз обалыңа өзің қалма енді, Анаң ұрсады қайтағой.

  • Serzhan Omek
    Serzhan Omek 9 ай бұрын +8

    Бәрекелді, достарым Реке және Баха. Өнерде де, өмірде де жұптарың жазылмасын.

  • оркен шарият
    оркен шарият 9 ай бұрын +7

    Керемет!!!

  • Бексултан Нургалиулы

    Негізі алтайдың әншілері - жан жүректен сезімді мәні мағынасы бар тыңдай бергің келеді, біздің - әншілер жеңіл де желпілдек мақтан үшін сахнада би қуады

  • Қазақия
    Қазақия 9 ай бұрын +6

    Ассалаумалейкум аға сіздердің әндеріңізді жазып алып тыңдайвқ десек аудио нұсқасы жоқ таппадым неге аудио нұсқасын шығармайсыздар мен таба алмадым

    • guni Shakenova
      guni Shakenova 9 ай бұрын +2

      كەرەمەت تاماشا اندەرىڭ اۋەلەي بەرسىن داۋستارىڭ قارلىقپاسىن

    • Ырғын &Бақыт
      Ырғын &Бақыт  9 ай бұрын +1

      уағалайкомассалам
      интернетте бар сайыттарда
      болмаса уатсаптан аласыз

  • Д Оспанов
    Д Оспанов Ай бұрын +1

    Тамаша жуп оркендерын осын андерын коп болсын казакттын шыгармашлкьарын коп болсын какттарым

  • Бексултан Нургалиулы

    Ауылға кетіп барамын өлеңі өте әсерлі ата-анаға деген сезімі махаббаты қанаттары талмасын өнер шыңына самғай беріңдер әмин

  • Ляззат Касенова
    Ляззат Касенова 4 күн бұрын

    Дауыстары керемет

  • Амангул Курбанова

    👍👍👍

  • kevindevao joo888
    kevindevao joo888 2 ай бұрын +1

    Fantastic songs
    Great Duet ^^
    Greeting from Corea ^^

  • Erlan Kidar
    Erlan Kidar 5 ай бұрын +5

    Керемет андер.шыркай бериндер.Алла жар.болсын.

    • Советхан Жылбаева
      Советхан Жылбаева 3 күн бұрын

      БӘРЕКЕЛДІ КЕРЕМЕТ ӘНДЕР
      СӨЗІ МЕН ӘНІ ҮЙЛЕСКЕН ТЕКТІЛІК ПЕН СЫЙЛАСТЫҚ, АДАМДЫҚ ҚАСИЕТ ПЕН НӘЗІК СЕЗІМДЕРГЕ ТОЛЫ ЖАНЫҢДЫ ЖАДЫРАТЫП СҮЙСІНІП ТЫҢДАЙТЫН КЕРЕМЕТ ӘНДЕР
      ЖОЛДАРЫҢ АШЫҚ, ЖҰЛДЫЗДАРЫҢ ЖАРЫҚ БОЛСЫН
      АЙТАТЫН ӘНДІ ТАҢДАУДА ЖАҢЫЛМАҢДАР
      ТАЗА ӨНЕРДІҢ БИІК ШЫҢЫНАН КӨРІНІҢДЕР
      ЕЛІҢ СҮЙІП ТЫҢДАЙТЫН ӘНДЕРІҢ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ӨНЕРІН ШАРЫҚТАТА БЕРІҢДЕР👍👍👍👍👍👍

  • Напира Қыстау
    Напира Қыстау 9 ай бұрын +6

    Керемет, дауыстарың қарлықпасын, құрметті сабақтастарым Ырғын мен Бақытнұр өнер айдынында қос аққудай жүзе беріңдер

  • Бақытбек Самархан
    Бақытбек Самархан 9 ай бұрын +7

    Әндеріңіз әуелеи берсін

  • Nurbahit Anarbek
    Nurbahit Anarbek 2 ай бұрын +1

    Самғай беріңдер қанаттарың талмасын